17.01.2020, 19:47
Жаңалықтар
Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Облыс орталығының басшысы бұған дейін «Атырау мұнай өңдеу зауытын» басқарған
Фото: inform.kz
Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласының жаңа әкімі Қайрат Оразбаевты таныстырды.
Қайрат Құлымұлы Оразбаев 1963 жылы 8 тамызда Атырау облысында дүниеге келген.
1987 жылы Қазан қаласындағы химия-технология институтын тәмамдаған, инженер-химик-технолог.
Еңбек жолын 1979 жылы «Маңғышлақ- мұнайбарлау» кешенді экспедициясында оператор болып бастады. Содан бері мұнай саласында бірқатар қызмет атқарған. 2013-2016 жылдары «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бас директорының міндетін атқарушы болған.
Жақында Атырау қаласының бұрынғы әкімі болған Әлимұхаммед Құттымұратұлы өз еркімен қызметінен кеткенін мәлімдеді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)