$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.01.2020, 22:27
Жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Облыс әкімі өңір активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ержан Әбілханов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір активіне жаңа орынбасарын таныстырды. Ол Президенттік жастардың кадр резервіне енген.

Ержан Әбілханов 1984 жылы Жаңаөзенде туған. Алматыдағы Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебін бітірген. Сондай-ақ, Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығын тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Малайзия технологиялық университетінде білім алған.  

Е. Әбілханов бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры қызметін атқарған.

Еске салсақ, бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір активіне сондай-ақ, Атырау қаласының жаңа әкімі Қайрат Оразбаевты да таныстырған еді.

Серіктес жаңалықтары