ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 820 адам коронавирус жұқтырған

Әлемдегі ең кішкентай адам дүниеден өтті (видео)

Магар 18-ге толғанда  бойы 67,08 сантиметр болған

Фото: guinnessworldrecords.com

Әлемдегі ең кішкентай адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген непалдық Хагендра Тапа Магар 28 жасында өмірден өтті. 

Достарының айтуынша, ол соңғы кездері жүрегі ауырып, астма мен пневмониядан әлсіреп жүргенін айтқан екен. Ер адам непалдық ауруханалардың біріне жеткізілгенімен, 16 қаңтар күні көз жұмды, деп жазады Гиннестің рекордтар кітабының сайты.

Хагендра Тапа Магар 1992 жылы 14 қазанда туған. 

«Дүниеге келгенде оның кішкентай болғаны соншалық, алақанға оңай сыйып кететін еді. Бойы мен салмағынан оны шомылдырудың өзі қиынға түсетін», – деп еске алады әкесі. 

Магар 18-ге толғанда  бойы 67,08 сантиметр болған. Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері оны алғаш 2010 жылы италиялық GWR Lo Show dei Record шоуында көрген екен. Басылым онымен соңғы рет 2018 жылдың желтоқсанында кездескен. 

Магар қайтыс болғаннан кейін Әлемдегі ең кішкентай адам атағы Колумбияда тұратын Эдвард Эрнандеске өтті, оның бойы 70,21 сантиметрді құрайды.