$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.01.2020, 18:57
Жаңалықтар

Кіші Кулагин қызметінен кетті

Алматыда қос ауданның әкімі ауысты

Кіші Кулагин қызметінен кетті
Фото: Казахстанская правда

Алматының Алатау және Түрксіб аудандарының әкімдері қызметінен босатылды. Қос ауданға жаңадан тағайындалған тұлғаларды Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «дайындықтан өтіп, шыңдалған мамандар»  деп таныстырды. Ал, Алатау және Түрксіб аудандарының бұрынғы әкімдері Ш. Рыспаев пен П. Кулагин қызметтен кетуге өздері өтініш берген.

Алматы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Алатау ауданын енді Азамат Қалдыбеков басқарса, Түрксіб ауданының тізгіні Бақытжан Ақжаровқа тиді. 

Аудандардың жаңа әкімдерін таныстырған Сағынтаев олардың Президенттік жастар кадрлық резерві өкілдері екенін атап көрсетті.

«Мемлекет басшысының дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт құру жөніндегі идеясы іске асуда. Алматыдан резервтер қатарына 39 адам енді. Бүгінгі кандидаттар – аудан әкімі болып қызмет атқаруға барынша дайындықтан өткендер. Біз олардан аталған аудандарда тұратын алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуда нәтижелі жұмыс күтеміз», - деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Алатау ауданының жаңа әкімі Азамат Қалдыбеков бұған дейін Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болса, Түрксіб ауданына әкім болып тағайындалған Бақытжан Ақжаров қалалық тұрғын үй саясатының басшысы қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары