Елбасы қорының атқарушы директоры болып Қанат Жұмабаев тағайындалды
Бұған дейін бұл қызметті Әсет Исекешев атқарып келді
«Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды», - деп хабарлайды Elbasy.kz сайты.
Қанат Несіпбайұлы 1965 жылы дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Әр жылдары «ҚазАстықТранс» ЖШС басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қызметкері; «Алатау» Емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті қызметтерінде болған.
2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 25 наурызына дейін ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының атқарушы директоры. 2019 жылдың наурызынан ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары болды.
Бұрын осы қызметті атқарған Әсет Исекешев кеше ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалған еді.