04.03.2022, 15:14
Жаңалықтар
ШҚО-да небәрі екі айда 1,1 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелді
13 207 үй тексерілген
Фото ашық дереккөзден
ШҚО-да қаңтар айынан бері өңір аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаменті осы уақыт аралығында 1106 қылмыс тіркеліп, оның 723-і ашылғанын мәлім етті.
«Есірткі заттарын заңсыз сақтаудың 42 фактісі анықталған. Сондай-ақ 13 803 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық жасаған 3 469 адам, қоғамдық орында мас күйде жүрген 4 906 адам, ішімдік ішіп көлік тізгіндеген 197 адам жауапқа тартылды», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Шара барысында барлығы 13 207 үй тексерілген. Бұдан бөлек, 1 471 қараусыз қалған ғимарат, 7 154 саяжай, жалға берілетін 4 096 пәтерге тексеру жүргізілді.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды