$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президенттің Алматыдағы резиденциясын бұзу туралы шешім неліктен қабылданғаны белгілі болды

Ғимараттың сақталған фрагменттерінде ыстың иісін толығымен жою мүмкін емес

Президенттің Алматыдағы резиденциясын бұзу туралы шешім неліктен қабылданғаны белгілі болды

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Алматыдағы резиденцияны бұзу шешімінің себебін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының атына БАҚ-тан қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қираған және өртенген Президенттің Алматы қаласындағы резиденциясының бұзу себептері жөнінде сұрақтар келіп түсуде.

Қазіргі уақытта Қазақстандық көпсалалы қайта құру және даму институты (ҚазҚДКИ) сарапшыларының түпкілікті қорытындысы шыққанын хабарлаймыз, олар Резиденция ғимаратының «пайдалануға шектеулі жарамды» екенін анықтады.

«Өрттің және аса жоғары температураның салдарынан барлық тіреуіш құрылымдары мен шатырдың негізі болып саналатын металл элементтері зақымдалған. Ғимараттың сақталған фрагменттерінде ыстың иісін толығымен жою мүмкін емес.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда объектінің құрылымдық элементтерінің бір бөлігі қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейді.

Ғимараттың негізгі конструкцияларын қалпына келтіру және оны сейсмикалық күшейту үшін аса капиталдық салымдарды табап етеді», - делінген ҚР Президенті Іс Басқармасы таратқан хабарламада.

Сарапшылардың пікірінше, Резиденция ғимаратын қайта жабдықтап, оны пайдалану қауіпсіз емес. Қазақстан Республикасының заңнамасына сай осындай мәртебесі бар объектілерге қатысты талап етілетін, Республикалық маңызы бар тарихи ескерткішті бұзуға қатысты барлық рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылатын болады.

Серіктес жаңалықтары