03.03.2022, 08:44
Жаңалықтар
Мәскеуде банкоматтар алдында ұзынсонар кезек қалыптасты
Жұрт жуырда елде ақша тапшылығы туа ма деп қорқады
Фото: ашық дереккөзден
Мәскеуде банкоматтар алдында ұзынсонар кезек қалыптасты, деп хабарлады "Хабар24".
Батыс елдерінің Ресейге салған санкцияларынан кейін тұрғындар қолма-қол ақша алуға асық. Жұрт жуырда елде ақша тапшылығы туа ма деп қорқады. Себебі, соңғы күндері Ресей валютасы тым тез құнсызданып жатыр. Қазір доллар бағамы 100 рубльден асады. Дүкендердегі тауар бағасы болса, барған сайын қымбаттап жатыр.
Айта кетейін, бірер күнде әлемнің көптеген компаниялары Ресеймен байланысын үзіп жатыр. Көрші елдің нарығынан мұнай компанияларынан бастап, автоөндірушілерге дейін кетіп жатыр. Ал банктер бұдан былай Apple Pay мен GooglePay-ді қолдана алмайды.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 07:29
Астанада жаңбыр қарға ұласып, Шымкентте найзағай ойнайды: үш мегаполисте ауа райы құбылады
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
22.11.2026, 06:19
Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте әлем чемпионы атанды
