$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресей мен Украина арасындағы келіссөз: тараптар өз елдеріне аттанды

Екі жақ келіссөздердің тағы бір раундын өткізуге келісті

Ресей мен Украина арасындағы келіссөз: тараптар өз елдеріне аттанды
© РИА Новости

Мәскеу мен Киев делегацияларының Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздері аяқталды, тараптар жаңа раунд өткізуге келісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бес сағатқа жуық уақытқа созылған кездесу Беларусьтің Гомель облысында өтті.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Ресей делегациясының мүшесі, президенттің көмекшісі Владимир Мединский қатысушылар күн тәртібіндегі барлық мәселелерді егжей-тегжейлі қарастырды. Оның айтуынша, ортақ ұстанымдарды болжауға болатын нүктелер табылды.

Мединский алдағы күндері өтуі тиіс келесі кездесу Польша-Беларусь шекарасында болатынын атап өтті.

«Ол уақытқа дейін делегациялардың әрқайсысы, әр делегацияның басшылығы ел басшылығы мен келіссөздердің барлық ұстанымы бойынша кеңесетін болады», - деді В. Мединский.

Өз кезегінде Украина Президенті кеңсесінің жетекшісінің кеңесшісі Михайло Подоляк тараптар басым тақырыптарды анықтап, нақты шешімдерді белгілегенін айтты. Ол келіссөздердің екінші раундында сол тақырыптардың әзірленетінін айтты. Украина үшін кездесудің басты мақсаты атысты тоқтатуды талқылау болды деді Украина президент кеңсесі басшысының кеңесшісі.

Айта кетсек, Ресей мен Украина өкілдері Беларусь елінің Гомель облысына келіссөздер жүргізу үшін келген болатын.

Келіссөздерге ресейлік делегацияны президент көмекшісі Владимир Мединский бастап барды. Оған сондай-ақ РФ Қорғаныс министрінің орынбасары, РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко, Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий және Ресейдің Беларусьтегі елшісі Борис Грызлов кірді.

Украина тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий, Қорғаныс министрі Алексей Резников, президент аппараты басшысының кеңесшісі Михайло Подоляк, «Слуга народа» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, халық депутаты Рүстем Умеров және үшжақты байланыс тобындағы украиндық делегация басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин үшжақты байланыс тобындағы украиндық делегация барған болатын

Кездесу аяқталған соң тараптар өзара кеңесу үшін өз астаналарына кетті.

Келесі кездесу алдағы күндері өтеді.

Серіктес жаңалықтары