$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде балалар үйінен 63 млн теңге жымқырған директор мен есепші сотталды

Сот үкімі бойынша айыпталушылар 7 жылға түрмеге қамалды

Өскеменде балалар үйінен 63 млн теңге жымқырған директор мен есепші сотталды
Фото ашық дереккөзден

Өскемен қаласында балалар үйінен 63 млн теңге жымқырған бұрынғы директор, бас есепші мен кадр жұмысы бөлімінің инспекторы сотталды. Бұл туралы қалалық №2 соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот мәліметіне сүйенсек, 25 ақпанда аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған балалар үйінің бұрынғы директоры, бас есепші мен кадр жұмысы бөлімінің инспекторына қатысты сот үкімі шықты.

«Белгілі болғандай, олар алдын ала сөз байласып 2015 жылдың наурызы мен 2019 жылдың қаңтары аралығында балалардың қажеттілігіне бөлінген 63 150 581 теңгені жалған құжат жасау арқылы қалтаға басқан. 2019 жылы бас есепші әлеуметтік желіге видео жариялап, өз ісіне өкініш білдіріп, қаржы жымқыру схемасын әшкерелеген еді. Алайда директор мен кадр жұмысы бөлімінің инспекторы кінәсін мойындамады», - делінген ақпаратта.

Сот үкімі бойынша үш айыпталушы да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 7 жыл мерзімге түрмеге қамалды.

 Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


 

 

Серіктес жаңалықтары