24.02.2022, 12:26
Жаңалықтар
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5%-ға көтерді
Қаңтар айында базалық мөлшерлеме жылдық 10,25% деңгейінде белгіленген
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 13,5%-ға көтерді. Бұл туралы банктің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады», - деп жазылған мәлімдемеде.
Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк осы жылдың қаңтар айында ғана базалық мөлшерлемені жылдық 10,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған болатын.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр