Украинада Луганск облысының кей тұрғындары эвакуацияға қосылмайтынын айтты
Теміржол станцияларынан эвакуация ұйымдастырылды

Украина мен Ресей арасында болып жатқан шиеленіске байланысты Луганск облысының басшысы Сергей Гайдай тұрғындарды жаппай эвакуацялау шарасын жариялады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Бүгін 2022 жылдың 24 ақпанында 05:50-де Луганск облысының тұрғындарын жаппай эвакуациялау жарияланды. Луганск облысының тұрғындарына дереу облыстан кетуге кеңес береміз. Автокөлік иелері өз мүмкіндіктерін пайдаланып, Днепр қаласы бағытына жол тартқандары жөн. Өз бетінше эвакуациялауға мүмкіндігі жоқ адамдарға Лисичанск, Рубежное, Сватово теміржол станцияларынан эвакуация ұйымдастырылды», - деп жазды Сергей Гайдай.
Сондай-ақ, өңір басшысы тұрғындардан эвакуация кезінде сабырлық сақтауды және билік органдары, полиция, ТЖМЖ өкілдерінің нұсқауларын тыңдауды сұрады.
Десе де, пікірлер арасында кей тұрғындар өз үйлерінде қалуды жөн санайтынындарын жазған.