23.02.2022, 18:45
Жаңалықтар
Атырауда алаяқтықпен айналысқан деструктивті діни ағымның мүшесі сотталды
Күдікті 31 жаста
Фото ашық дереккөзден
31 жастағы Атырау қаласының тұрғыны Ресейден жеткізілген көліктерді Қазақстанда тіркеуге көмектесемін деп әйел адамды алдаған. Сенімге кіру арқылы азаматшаның 850 мың теңгесін иемденген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Уақыт өте келе арадағы келісімнің орындалмайтынына көзі жеткен азаматша полицияға шағымданған. Атырау облысы полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 1991 жылы туған күдіктіні ұстады.

«Аталған азамат деструктивті діни ағым мүшесі екендігі анықталды.
Қазіргі таңда күдікті сот шешімімен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Атырау облыстық ПД бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты