23.02.2022, 18:37
Жаңалықтар
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс Съезіне 399 делегат сайланды
«Nur Otan»-ның Съезі 1 наурызға жоспарланып отыр
«Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында кезектен тыс Съезге 399 делегат сайланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Саяси кеңестердің отырыстары өтіп, олардың қорытындылары бойынша партияның кезектен тыс XXII Съезіне 399 делегат сайланды.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен «Nur Otan»-ның Съезі 1 наурызға жоспарланған. Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарланып отыр», - деп жазды Асхат Оралов.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты