Ұлыбритания СІМ Ресей Парламентіне қарсы санкция енгізілетінін хабарлады
Санкция ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындауға дауыс берген парламентшілерге бағытталады
Британдық Ресейге қарсы санкциялар жобасы Ресейдің Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындауға дауыс берген Ресей парламентінің мүшелеріне қатысты шектеулерді қамтиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
"Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттары мен Федерация Кеңесінің сенаторлары Украинаның аумақтық егемендігін өрескел бұзу аясында Донецк пен Луганск тәуелсіздігін мойындауға дауыс берді", - делінген Ұлыбритания СІМ хабарламасында.
Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Ресейдің бес банкі мен үш олигархына қарсы санкциялар пакетін енгізетінін жариялаған болатын. Шектеулерді қолдану аясында Үкімет активтерді тоқтатады деп болжанып отыр.
Еуропалық Одақ елдері 21 ақпанда ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындауға байланысты Ресейге қарсы үлкен санкциялар енгіземін деп сес көрсетіп отыр. Ресейге қарсы жаңа шараларды АҚШ басшылығы да қабылдады.