$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы 1,4 млрд  теңге негізсіз табыс тапқан

Компания тарифті жоғарылату арқылы, халықтан артық төлем алып келген

«ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы 1,4 млрд  теңге негізсіз табыс тапқан
Фото ашық дереккөзден

«ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы 1,4 млрд  теңге негізсіз табыс тапқан. Яғни табиғи монополияларды реттеу департаментімен бекітілген тарифті жоғарылату арқылы, халықтан артық төлем алып келген. Бұл туралы Қызылорда облыстық соты мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың ақпаратынша, филиал тұтынушылардан алған артық ақшаны газдың бағасын төмендету арқылы қайтармақ.    

 «2019 жылдың қараша айында тарифті 34,6 пайызға төмендету туралы бұйрық шығарған. Ол бұйрық 5 жылға бекітілген тариф және 2020 жылдың қаңтар айынан қолданылуы тиіс болған. Алайда «ҚазТрансГаз Аймақ» сол күйінше халыққа бекітілмеген тарифпен қызмет көрсете берген. Қайтару үшін, 44 пайызға тағы да түседі деп отырмыз», - дейді Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Жанат Оспанова.
 

Серіктес жаңалықтары