$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында қаржылық пирамиданың жолы кесілді

200 000 теңгеден 25 000 000 теңгеге дейін инвестиция тартпақ болған

Қарағанды облысында қаржылық пирамиданың жолы кесілді
Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының қаржы пирамидаларды жою туралы тапсырмасын орындау аясында Қарағанды облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері Қарағанды және Теміртау қалалары аумағында қаржылық (инвестициялық) пирамиданың құрылу және қызмет ету фактісінің жолын кесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық схема азаматтардан 200 000 теңгеден 25 000 000 теңгеге дейінгі сомада инвестициялар тарту болды, 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімде салым сомасының 10%-ы мөлшерінде төлемдер уәде етілген.

«Тергеу барысында пирамиданың ұйымдастырушылары Instagram желісі арқылы, өзге салымшылардың кірістерін жалған жарнамалау арқылы жеке тұлғалардың ақшалай сыйақы алу және бұрын салынған ақша сомасын қайтару шартымен 70 миллион теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатты тартумен айналысқаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 217-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейінгі мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел-тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары