$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қандай шектеулер алынды?

Ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер алып тасталды

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қандай шектеулер алынды?
Фото: ашық дереккөзден

Елдегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Үкіметтің Ведомствоаралық комиссиясы бизнес пен халыққа қатысты шектеу шараларын жеңілдетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша,  ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер алып тасталды.

«Ashyq-та «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдар (келушілер) үшін барлық эпидемиологиялық қауіп аймақтарында – объектілерге бару рұқсат етілген, сонымен қатар, «қызыл» аймақта халық көп жиналатын объектілерді 70%-ға дейін толтыруды шектеу сақталады», - дейді министр. 

Бұған қоса, ревакцинация алған немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған, елге келетін ҚР азаматтары үшін міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылды.

«Бізде мойындалған вакцинация паспорттары 30 шет елдің азаматтарына ПТР тестісіз кіруге рұқсат етілді. Бұдан басқа, халықтың осал топтарын вакцинациялаумен және ревакцинациялаумен қамтуды ұлғайту мақсатында Қазақстанда барлық топтағы мүгедектерге вакциналардың барлық түрлерін, соның ішінде «Pfizer» вакцинасын пайдалануға рұқсат етілді.

Сондай-ақ, 50 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін және бірінші компонентті шет елде алған адамдарға вакцинацияның бастапқы курсын аяқтау үшін «Pfizer» вакцинасын пайдалануға рұқсат етіледі»,-дейді министр.

Серіктес жаңалықтары