$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

4 наурыздан бастап Қазақстандағы DiDi таксиі өз қызметін тоқтатады

Оған дейін DiDi әдеттегідей жұмыс істейді

4 наурыздан бастап Қазақстандағы DiDi таксиі өз қызметін тоқтатады
Фото ашық дереккөзден

4 наурыздан бастап Қазақстандағы DiDi таксиі өз қызметін тоқтатады. Бұл туралы компанияның  деп хабарлайды Facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз DiDi-дегі миссиямызды – күнделікті өмірді ыңғайлы ету деп білеміз, яғни жолаушылар мен серіктестер үшін ең жақсы сервистерді ұсынғымыз келеді. Өкінішке қарай, бұдан былай Қазақстанда мұны қамтамасыз ете алмаймыз, осыған байланысты DiDi 2022 жылғы 4 наурыздан бастап елдегі жұмысын тоқтатады», - делінген желідегі жазбада.

Жолаушылар мен жүргізушілер 4 наурызға дейін DiDi такси қызметін әдеттегідей қолдана алады.

 «Біздің қызмет іске қосылған сәттен бастап қолдау көрсеткен бүкіл жүргізушілер мен жолаушыларға алғыс айтқымыз келеді. 4 наурызға дейін DiDi әдеттегідей жұмыс істейді» - деді такси қызметі.

Айта кетейік, DiDi – такси, каршеринг және райдшеринг қызметтерін көрсететін қытайлық конгломерат. Компания 2012 жылы Бейжің қаласында құрылған. Қазіргі уақытта компания Еуропа, Азия, Аустралия, Латын Америкасындағы елдерде миллиондаған адамға қызмет көрсетеді.


 

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#такси #Didi