Талдықорғанда кәріз құдығынан ер адамның денесі табылды

Azattyq Rýhy

Қайтыс болған адам Сарқан ауданының 52 жастағы тұрғыны екені анықталды

Фото ашық дереккөзден

Талдықорғанда кәріз құдығынан ер адамның мүрдесі табылды. Күдікті ретінде тұрғылықты мекенжайы жоқ үйсіз ер адам ұсталды,. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Талдықорған қаласында тұрғылықты мекенжайы жоқ 40 жастағы күдікті қаңғыбас адам өлтіріп, мәйітін кәріз құдығына жасырып қойған.

«11 ақпан күні Талдықорған қаласында кәріз құдығын тексеріп жүрген коммуналдық қызметтің мамандары кісі қолынан өлген адамның денесін тауып алған. Сараптама өлтірілген адамның денесінен 20 рет сұғылған пышақтың ізін анықтаған. Қайтыс болған адам Сарқан ауданының 52 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол соңғы жарты жылда қаңғыбастыққа салынып, өмір сүрген»,- делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Тергеу кезінде анықталғандай, екі қаңғыбастың арасындағы жанжал кәріз құдығына таластан басталған. Екеуі сол жерде өмір сүрген. Қазір күдіктіден пышақ айғақ зат ретінде тәркіленді. Адам өлтірді деген үйсіз адам қамауға алынды. Тергеу ҚР ҚК 99-бабы бойынша жүріп жатыр.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.