$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Путин ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін тану туралы Жарлыққа қол қоймақшы

Бұл туралы Ресей басшысы Макрон мен Шольцке айтты

Путин ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін тану туралы Жарлыққа қол қоймақшы
Фото ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путин Француз басшысы Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Олаф Шольцке Донецк және Луганск халық республикаларының (ДХР және ЛХР) тәуелсіздігін тану туралы Жарлыққа қол қоятынын айтты. Оның мәлімдемесін Кремльдің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Бүгін ДХР мен ЛХР басшылығының бейбіт тұрғындарға зардабын тигізген Украина билігінің әскери агрессиясына, Донбасс аумағын жаппай атқылауға байланысты егемендігін тану туралы өтініштері келіп түсті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мәтінде Ресей президентінің жақын арада Жарлыққа қол қоюға ниетті екендігі айтылған. Сонымен бірге Макрон мен Шольц жағдайдың бұлайша дамығанына қуана қоймағанын жеткізді.

"Сонымен қатар, олар байланыстарды жалғастыруға дайын екенін білдірді", - деді баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ресей Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізген болатын. Отырыста өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларының (ДХР және ЛХР) тәуелсіздігін тану туралы мәселе талқыланды, Путин түпкілікті шешім қабылдауға уәде берді.

Отырыс барысында оның барлық мүшелері өзін-өзі жариялаған республикалардың тәуелсіздігін мойындауды қолдады.

 

 

Серіктес жаңалықтары