$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның белгілі спортшысы полицияға шабуыл жасаған күдіктіні жақтады – Бас прокуратура

Елдос Қилымжанов әлеуметтік желіде кей азаматтар жағдайды анық білмей тұрып, күдіктілерді жақтап жататынын айтты

Қазақстанның белгілі спортшысы полицияға шабуыл жасаған күдіктіні жақтады – Бас прокуратура
Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда қаласында полиция департаментіне шабуыл жасағандар қылмыстарын жасыру үшін серіктестерінің денесін ұрлап кеткен. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қилымжановтың айтуынша, әлеуметтік желідегі адамдар жағдайды білмей тұрып, кейбір азаматтарды жақтап жатады. Алайда, тергеу аяқталмайынша, полиция қолға түсірген адамдардың бәрі күдікті болады, сондықтан, ақпаратты білмей тұрып, жалған ақпарат таратпау керек, дегенді меңзеді прокуратура өкілі. 

«Жекелеген адамдар мән-жайды білмей тұрып, қылмыстық іс туралы көпшілік алдында пікір білдірген жағдайлар бар. Еліміздің белгілі спортшысы фэйсбуктегі парақшасында азамат М. туралы бұлтартпау шарасы негізсіз қолданылған деген мәліметтер жариялады», -дейді Қилымжанов. 

Яғни, Бас прокуратура өкілінің айтуынша, ол азамат қазір ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынып отыр. 

«Бұл жағдайда кейбір мәліметтерді нақтылағым келеді. Аталған азамат қылмыстық құдаулау органдарының адамдар тобында Қызылорда қаласы жергілікті полиция департаментінің қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасап, полиция қызметкерлерінің басына ауыр жарақат тигізді деп күдіктеліп отыр. Атыс кезінде шабуылдаушылардың бірі өлген. Міне, азамат М. марқұмның полиция қызметкерлеріне щабуыл жасағанын жасыру үшін серіктесінің денесін ұрлады. Бұндай күдіктілерге бұлтартпау шарасы қолданылады», -дейді ол.

Алайда, Бас прокуратура брифинг кезінде әлеуметтік желіде нақты қай спортшы пікір білдіргенін мәлімдеген жоқ.

Серіктес жаңалықтары