21.02.2022, 10:10
Жаңалықтар
Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Бектановтың ұсталғанын растады
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото ашық дереккөзден
ҚР Бас прокуратурасы бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, кеше, 20 ақпанда бейресми дереккөздер оның ұсталғанын жарыса жазған еді.
«2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
2022 жылғы 20 ақпанда М.К. Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады бүгін Бас прокуратура.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайтынын белгілі болды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
04.10.2026, 13:09
Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)