20.02.2022, 15:54
Жаңалықтар
Жаңаөзенде қызметтік ит қару-жарақ қоймасын тапты
Қойма 34 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі болған
Фото ашық дереккөзден
Жаңаөзенде қызметтік ит гараждардың бірінен қару-жарақ қоймасын тапты. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұлан "Батыс" РҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қойма 18 ақпанда сағат 18.00 шамасында Мамыр ықшамауданында 34 жастағы жергілікті тұрғыннан табылған.
Жедел-іздестіру іс-шарасына 5548 әскери бөлімінің маман кинологы, кіші сержант Асан Абдукәрімов және Кэсси есімді ит қатысқан. Қоймада шолақ аңшы мылтығы мен спорттық мылтық жасырылған.
Баспасөз қызметі басшысының айтуынша, 2021 жылы Ұлттық ұлан сарбаздары Детектив есімді қызметтік ит көмегімен есірткінің заңсыз айналымына қатысты үш деректі анықтаған.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді