$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да 11 жасар баланы көлік қағып, мерт қылды

Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған

ШҚО-да 11 жасар баланы көлік қағып, мерт қылды
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында 11 жастағы баланы көлік қағып мерт қылды. Бұл туралы ШҚО жергілікті Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға кеше сағат 13:14-те Ленин алаңында болған. Мектептен үйіне қайтып келе жатқан 11 жастағы бала аялдамада автобустан түсіп, оны артынан айналып өтіп, жолға шыққан.

"Осы кезде Audi көлігі қарсы жолақта келе жатқан. Жүргізуші баланы қағып кеткен. Өкінішке қарай, бала алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды", - деді ШҚО жергілікті Полиция департаменті бастығының орынбасары Андрей Ларионов.

Жүргізуші 2000 жылы туған тұрғын. Баланы қағып кеткеннен кейін бірден жедел жәрдем шақырған, бірақ дәрігерлер балаға көмектесе алмаған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза болған.
 
Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі "Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы" бойынша айып тағылған, оның санкциялары белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

 

Серіктес жаңалықтары