Қаңтар оқиғасында екі бала қаза тауып, жетеуі жараланған – ДСМ
Министрлік жалпы тәртіпсіздік кезінде 3000-ға жуық адам медициналық көмекке жүгінгенін айтты
Қаңтардағы қайғылы оқиғадан екі бала қаза тауып, жетеуі жараланған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік өкілінің мәліметінше, жарақат алғандар қазір ауруханада жатыр. Біреуінің хәлі ауыр. Министрлік жалпы тәртіпсіздік кезінде 3000-ға жуық адам медициналық көмекке жүгінгенін айтты. Қаңтартағы қақтығыста ересектермен бірге бүлдіршіндер де жапа шекті. 4 және 12 жастағы балалар көз жұмды. Тағы жетеуі оқ жарақатын алып, ауруханаға түскен.
«Еліміздің үш облысында кәмелетке толмағандар зардап шекті. Алматыда екі бала оқтан мерт болды. Төртеуі жарақат алды. Алматы облысында да екі бала зардап шекті. Жамбыл облысында бір бала. Бүгінде тәртіпсіздік салдарынан ауруханада алты адам ем қабылдап жатыр», - деді Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин.
Бірінің жағдайы ауыр. Науқас Қызылордадағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жалпы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 2740 қазақстандық медициналық көмекке жүгінген.