$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

19 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің барлық аумағы антициклонның ықпалында болады

19 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК хабарламасына сілтеме жасап.

«ҚР-ның барлық аумағы антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек республиканың қиыр батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, кей жерлерде тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді», - делінген хабарламада.   

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман болады.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының батысында тұман түседі.

 
Серіктес жаңалықтары