Баландин Қытайдағы турнирде тағы да қола жүлде еншіледі

Azattyq Rýhy

Кеше 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден, бүгін 200 метр қашықтыққа жүзуден қола жүлде иеленді

фото: olympic.kz

Қытайдың Шеньчжэнь қаласында Халықаралық су спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен «Champions Swim Series» турнирінің екінші маусымы өтіп жатыр.

Қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2:13.58 уақыт көрсеткішінде жүзіп өткен. Турнирде нидерландтық Арно Камминга жеңіске жетті (2:09.00), күміс жүлде неміс спортшысы Марко Кохке бұйырды.  Әлемдік турнирдің екінші кезеңі 18-19 қаңтар күндері Бейжіңде өтеді.

Естеріңізде болса, қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин осы турнирде 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден де қола жүлдегер атанған еді.

Жарысқа олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары мен рекордшылар және өткен жылғы FINA рейтингіндегі үздіктер қатысуда.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Абайдың 45 сұрағына белгілі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов жауап берді
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат