$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.01.2020, 09:48
Жаңалықтар

Қытайдан тараған қауіпті вирус Жапонияға жетті

Ауруды жұқтырған 1 адам қайтыс болған

Қытайдан тараған қауіпті вирус Жапонияға жетті

Қытайда пайда болып, лезде тарап кеткен вирустың Жапонияға жетуіне байланысты жапон үкіметі премьер-министр кеңсесі жанынан арнайы штаб құрды. Штаб аталған індет туралы ақпарат жинап, оны зерттеумен айналысады деп жазады Киодо агенттігі.

Вирусты жұқтырған Қытай азаматы. Ол Токиоға жақын Канагава префектурасында тұрады. Қаңтар айының басында ер азамат Қытайдың Ухань қаласында болып, ауруды сол жақта жұқтырған. 3 қаңтар күні қызуы көтеріліп, 6 қаңтарда Жапонияға келген. Ал, 10 қаңтарда дәрігерлер оны ерекше күтімге алды. Араға 5 күн салып науқас ауруынан айыққан және ауруханадан үйіне жіберілген.

Науқастан алынған анализ оның жаңа коронавирусты жұқтырғанын растады. Бұл Жапониядағы алғашқы жағдай.

Еске салайық, желтоқсан айының соңында Ухань қаласында өкпе қабынуының белгісіз түрі тараған болатын. 11 қаңтарға дейін 41 адам аталған вирусты жұқтырып, біреуі қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары