17.02.2022, 10:45
Жаңалықтар
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Ол еңбек жолын 1992 жылы бастаған
Фото: primeminister.kz
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Нұргүл Мауберлинова 1973 жылдың қараша айында Қарағанды облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
- Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымында және коммерциялық секторда жұмыс істеді.
- 2006-2008 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшысы.
- 2008-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты.
- 2012-2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.
- 2016-2018 жылдары — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы.
- 2018-2019 жылдары — ҚР ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары.
- 2019-2020 жылдары — ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары.
- 2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.
Көп оқылған
18.02.2026, 14:15
«Қойма мен монша ішінде жұмыс істеген»: Сүлейменова жекеменшік мектептерге қатысты даудың нүктесін қойды (ВИДЕО)
18.02.2026, 15:58
Ауыз ашқаннан кейін 3 литр су мен 7-8 сағат қайнаған сорпа ішкен жөн – дәрігердің Оразаға қатысты кеңесі
18.02.2026, 09:34
Таразда 13 жастағы қыз баланы екі ер адам көлігіне отырғызып, ұрлап әкетпек болды (ВИДЕО)
18.02.2026, 11:16
Telegram мен WhatsApp арқылы құмар ойын: 3,1 млрд теңге «тапқан» күдікті Грузияға қашып кеткен
18.02.2026, 11:35
БҰҰ сарапшылары Эпштейн ісін «адамзатқа қарсы қылмыс» деп тануды ұсынды