$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Екі балаңды тірідей көрмейсің деп қорқытты»: Алматыда өзбекстандық ерлі-зайыпты жарты жыл құлдықта болған

Жертөледе күні-түні нан пісірген жұбайлар құлдықтан қашып кеткен

«Екі балаңды тірідей көрмейсің деп қорқытты»: Алматыда өзбекстандық ерлі-зайыпты жарты жыл құлдықта болған
Көрнекі фото

Өзбекстандық жұп жарты жылдан аса Қазақстанда құлдықта болғандарын айтты. Жұмыс іздеп Таразға келген жұбайлардың құжаттарын қожайындары алып қойып, бермей қойған. Сондай-ақ, Алматыдағы оңалту орталығының көмегіне жүгінген әйелдің тағдыры да қылмыстық істің қозғалуына арқау болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Astana.tv» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық директоры құлдыққа Өзбекстан азаматтары көп түседі дейді. Олардың көпшілігі Алматыға жұмыс іздеп келеді. Журналистерге хикаясын айтқан келіншек, таныс арқылы орналасқан жерде «аса ірі көлемде ақша ұрлады деп айыпталып, қара жұмысқа жегілдім» дейді.

«Алматы қаласына таныс арқылы келдім. Сол жақтағы бір кафеде еден жуушы болып орналастым.  Қазан айында қателеспесем, басында бәрі жақсы болған, бірақ уақыт өте келе қоқан-лоқы көрсете бастады. «Екі балаңды тірідей көрмейсің» деді. Телефонымды тартып алды, оған қоса құжаттарымның бәрін алып алды. Ешкімге хабарласа да алмадым. Маған «ірі көлемде ақша ұрладың» деп жұмыс істеуге мәжбүрледі», - деді ол.

«Родник» әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы ҚҚ Директоры Нина Балабаеваның сөзінше, зардап шеккендер бүгінде қоғамдық қордың арнайы баспанасына орналастырылған, тиісті көмек көрсетілуде.

«2020 жылы 35 адамға көмек көрсеттік. Оның 30-ы ер адам, 5-еуі әйел. Өзбекстан бірінші орында, ал жекелеген жағдайлар Польша, Ресей, Қырғызстан. Ал былтыр 60 адамға көмек берілді: 51 ер, 9 әйел. Өзбекстан – 56 адам. Оқшауланған жағдайлар Ресей Қырғызстан, Тәжікстан, азаматтығы жоқ адам», - деді маман.

Айта кетейік, адам сату бойынша әлем елдерінің арасында Қазақстан 83-ші орында тұр. Арнайы орталық мамандары осыны айтап дабыл қақты. 2020 жылдың көрсеткіші бойынша 1891 адам осы сауданың құрбаны болған. Оның 744-і Қазақстан азаматы. Зардап шеккендердің көпшілігі қара жұмысқа салынған.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары жыныстық құлдықтан гөрі, еңбек құлдығы басым.

Серіктес жаңалықтары