$ 516.91  586.33  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда электр қуаты арзан: енді ЕЭАО аясында ортақ нарық болады

Сенат отырысында электр энергетикасы жүйесіндегі жабдықтардың тозу деңгейі айтарлықтай жоғары екендігі айтылды

Қазақстанда электр қуаты арзан: енді ЕЭАО аясында ортақ нарық болады
Фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда Қазақстанда электр энергиясының бағасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында Қырғызстаннан кейінгі ең төмен деңгейде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл туралы Сенат отырсында Әлімжан Құртаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, энергия қуаты Беларусьте - 42 теңге, Арменияда – 34 теңге, РФ - 23 теңге, ҚР - 18,6 теңге, Қырғызстанда-10 теңге.

«Ортақ электр энергетикалық нарықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу барысында нарықтардың айырмашылықтары ескеріліп, ортақ нарықтың электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық мүдделерінің теңгерімі сақталуы тиіс. Сондай-ақ әлеуметтік шиеленіске жол бермеу мақсатында электр энергиясына тарифтердің күрт өсуін болдырмау үшін Үкімет тиісті шаралар әзірлеп, қабылдауы тиіс», - дейді ол. 

Әлімжан Құртаевтың сөзінше, Қазақстанда электр энергетикасы жүйесіндегі жабдықтардың тозу деңгейі айтарлықтай жоғары. Энергия өндіруші ұйымдарда тозудың орташа көрсеткіші - 53%, өңірлік электр желілік компанияларда – 66%. Қазіргі уақытта уәкілетті орган жаңа қуаттарды іске қосу және жұмыс істеп тұрғандарды жаңғырту бойынша жұмыс жүргізуде.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығынының қалыптасуына қарамастан, Қазақстанда электр энергиясы тарифтерінің өсуі әбден мүмкін.

Айта кетерлігі, «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірауыздан қабылданды.

Серіктес жаңалықтары