Қазақстан үшін Олимпиадада шорт-трек жарысы аяқталды

Azattyq Rýhy

Еліміздің үздік нәтижесі – төртінші орын

Қазақстан үшін Олимпиадада шорт-трек жарысы аяқталды
Фото: ҰОК

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының 12-күнінде Қазақстан екі спорт түрінде сынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Захар Кучин тау шаңғысынан Олимпиада ойындарында соңғы жарысына шықты. Арнайы слаломда ол үздік 30 спортшы қатарына кіре алмады, дегенмен екі мүмкіндігінде де мәреге жетті.

Қазақстандық шаңғышылар Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина командалық спринттің финалына шыға алмады. Жартылай финалдың В тобында өнер көрсеткен олар 10-орын алды, Оңтүстік Корея мен Бразилия, Грекия мен Литваны ғана оза алды.

Шорт-трекші Ольга Тихонова 1500 метрге жарыста сынға түскен. Өкінішке қарай, спортшымыз жарысты ширек финалда аяқтады. Ол өз тобында мәреге төртінші болып жеткен, дегенмен кейін төрешілер ол ойын ережесін бұзғанын айтып, жарыстан шеттетті. Осылайша, Қазақстан үшін шорт-трек жарысы аяқталды. Шорт-трекшілеріміз ішінде ең үздік нәтижені Абзал Әжіғалиев көрсетті. Ол 500 метрге жарыста төртінші орын алған болатын. 

16 ақпандағы жарыстар нәтижесі:

Тау шаңғысы
Слалом. Ерлер. Бірінші мүмкіндік
Захар Кучин – 43-орын (+9.76)

Слалом. Ерлер. Бірінші мүмкіндік
Захар Кучин – 37-орын (+18.57)

Шаңғы жарысы
Командалық спринт. Жартылай финал. Әйелдер. Классикалық стиль
Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина – 10-орын (+1:57.12) - финалға өткен жоқ

Шорт-трек
1500 м. Ширек финал. Әйелдер
Ольга Тихонова – жарыстан шеттетілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.