$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында ер адам пойыздың астына түсіп мерт болды

Вагонның темір доңғалақтары оның денесін екіге бөліп тастаған

Жамбыл облысында пойыздың астына түсіп денесі қақ бөлінген адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Шу стансасында болған.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, 44 жастағы жергілікті тұрғын отбасындағы жанжалдан кейін «биіктен қарғып өлемін» деп үйінен шығып кеткен. Алайда жүріп келе жатқан жолаушы пойызының астына қарғыған. Вагонның темір доңғалақтары денесін екіге бөліп тастаған.

Қаза болған азаматтың жеке басына қатысты мәлімет жоқ. Ал желі полициясы ҚК «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен іс қозғады.

«15 ақпан күні аталған факт Шу станциясы желі полициясы бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміде ҚР ҚК 105-бабының 1- бөлігіне сәкес, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша тіркелген. Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Шу станциясы желі полиция бөлім бастығының орынбасары Ерлан Сеңгірбаев.

Серіктес жаңалықтары