Екі мыңнан астам қару-жарақ бүлікке қатысқандардың қолында жүр
Ұрланған қаруларды іздеу және тәркілеу жұмыстары жалғасып жатыр
Бас прокуратураның 1-қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов құқық қорғау органдарының ғимараттарына жасалған шабуылдардың әскери қаруды тартып алу мақсатында жасалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әскери қаруларды алу мақсатында құқық қорғау органдарының ғимараттарына шабуыл жасалды. Алматы облысындағы тәртіпсіздіктерге қатысушылар полиция департаментінің ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, бір гранатомет, 23 мыңнан астам оқ-дәріні ұрлап кеткен. Жамбыл облысында – 209 автомат, 134 тапанша, 11 гранатомет, бір пулемет және 40 мыңға жуық патрон ұрланған. Жаппай қиратудан кейін Алматыдағы резиденцияда 130 қару-жарақ пен оқ-дәрі жетіспейтіні анықталды, оның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатомет және снайперлік мылтықты алыпк еткен», - деп атап өтті Елдос Қилымжанов.
Оның айтуынша, барлығы 10 қару-жарақ дүкені тоналып, 1629 мылтық шығарылған. Барлығы 3 мыңнан астам қару ұрланған.
«Осы қару-жарақтың үштен бір бөлігі, яғни 967 қару табылды, ал 2 мыңнан астамы, оның ішінде гранаталар, автоматтар, мылтықтар, тапаншалар мен гранатометтер әлі де жеке қолдарда жүр. Бұл фактілердің барлығы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған қаруларды іздеу және тәркілеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Елдос Қилымжанов.
Сондай-ақ ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов 967 бірлік қарудан өзге, 19 мыңнан астам оқ-дәрінің бүлікшілер қолынан алынғаны айтты.
«Талдықорғанда 5 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерге беленді қатысқан, қалалық Полиция басқармасының ғимаратынан 7 Макаров тапаншасы мен 1 Калашников автоматын ұрлаған осы қаланың үш тұрғыны ұсталды. Ұрланған қару алынды, күдікті адамдар сот санкциясымен қамауға аланды. Жамбыл облысында Тараз қаласының тұрғыны ұсталды, оның гаражында 4 автомат, 8 жарақаттайтын тапанша, 1 газды тапанша, олардың оқсалғыштары, 945 бірлік оқ-дәрі және суық қару табылып алынды. Қарудың 68 бірлігі еікті тапсырылды. Азаматтарды тауып алған қаруды ерікті тапсыруға тағы да шақырамын. Ол әкімшілік те қылмыстық та жауапкершілікті туындатпайды», - деді ІІМ өкілі.