$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ішкі істер министрлігі азаптау фактілері туралы ақпараттарды фейкке теңеді

Осыған дейін Алматының тергеу изоляторында адамды қамап, әдейі азаптайтын камера бар деген ақпарат тараған болатын

Ішкі істер министрлігі азаптау фактілері туралы ақпараттарды фейкке теңеді
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов изоляторлар азаптау болып жатыр деген ақпараттарды фейкке теңеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оның айтуынша, біріншіден, қылмыстық-атқару жүйесінің басты міндеті – сот шешімдерінің негізінде қамауға алынған барлық азаматтарды заңға сәйкес қамауда ұстау.  

«Ал, қазіргі уақытта ақпараттық кеңістікте тергеу изоляторларында жасалған азаптаулар туралы жаппай жалған ақпараттар тарап жатыр. Біз олардың шындыққа жанаспайтынын, қоғамды адастырып, болып жатқан оқиғалардың нақты көрінісін бұрмалайтынын мәлімдейміз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Ол сондай-ақ Алматының тергеу изоляторында адамды қамап, әдейі азаптайтын камера бар деген ақпаратты жоққа шығарды. 

«Тіпті Қазақстанның сыртында жүргендер Алматыдағы тергеу изоляторында «азаптау камералары» бар деген «фейк» хабар таратып жатыр. Бұл мүлде жалған және мүмкін емес ақпарат», -деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы брифингте Бас прокуратура өкілі құқық қорғау органдарының тарапынан күш қолданған азаматтардың ісі бойынша сегіз істі арнайы прокурорлардың тексеруіне бердік деп ақпарат таратқан болатын. Ол істердің арасында Алматы облысында қолға түскен кәмелетке толмаған баланың да ісі бар.

Серіктес жаңалықтары