$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа заңнамалық бастамалар қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Агенттіктің қоғамдық кеңесінің мүшелері жақында қабылданған 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен танысты, Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері мен шақырылғандар бірқатар ұсыныстар енгізіп, туындаған сұрақтарға толық жауаптар алды. Заң жобасының негізгі новелласы – негізсіз баю үшін жауапкершілікті белгілей отырып, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар шығыстарының олардың табыстарына сәйкестігін бақылауды енгізу. Мемлекеттік қызметшілердің кірістерін бақылау тетігі ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы), Шығыс Еуропа және ТМД бірқатар елдерінде тиімді жұмыс істейді.

«Заңнамалық түзетулердің тағы бір маңызды блогы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды қорғауды күшейтуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар ету деңгейі сөзсіз жоғары болады деп болжанып отыр, өйткені мемлекет сыбайлас жемқорлар тарапынан ықтимал қудалаудан қорғаудың кепілді құқықтық құралдарын қамтамасыз ететін болады. Бұл озық халықаралық стандарттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруда елеулі қадам болады және елеулі профилактикалық әсерге ие болады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары