Қасым-Жомарт Тоқаев Абзал Әжіғалиевке қолдау білдірді

Azattyq Rýhy

Президент дүбірлі додада нағыз ерік-жігер көрсеткені және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Абзал Әжіғалиевке қолдау білдірді

Президент «Бейжің-2022» XXIV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Абзал Әжіғалиевті қолдап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Қазақстандықтар өзіңнің «Бейжің-2022» XXIV қысқы Олимпиада ойындарында көрсеткен өнеріңді асқан қызығушылықпен тамашалады. Олимпиаданың ашылу салтанатында көк туды желбіретіп алып шықтың. Өз жанкүйерлеріңнің сенімін ақтап, шорт-тректен 500 метрге жүгіруде финалдық бәсекеге дейін жетіп, нәтижесінде 4-орын иелендің. Бұл осы спорт саласы бойынша жоғары көрсеткіш екені анық, – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға дүбірлі додада нағыз ерік-жігер көрсеткені және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ оның алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетіп, отандастарымызды қуанта беретініне сенім білдірді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.