15.02.2022, 17:28
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтан – Абу-Даби жаңа әуе рейсі ашылды – ИИДМ
Аптасына 2 рет ұшатын рейске билет бағасы 20 евродан басталады
Фото ашық дереккөзден
2022 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясының арасындағы бірлескен мәлімдеме аясында Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің астаналары арасында жаңа тұрақты рейс ашылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Абу-Даби бағытындағы рейстері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес аптасына 2 рет – дүйсенбі және жұма күндері орындалады.
Бір бағытқа билеттің бағасы 20 евродан басталады.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды