$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ералы Тоғжанов «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобымен кездесті

Кездесу барысында Үкімет пен депутаттық корпус арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа неғұрлым тиімді форматын талқылады

 
Ералы Тоғжанов «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобымен кездесті

Бүгін Үкіметте Парламент Мәжілісінің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған шараға Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуді көздейтін Үкімет пен депутаттық корпус арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа неғұрлым тиімді форматын талқылады.

Вице-премьер Мемлекет басшысы қойған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкімет пен «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы коммуникацияның заманауи құралдарын пайдалана отырып, тұрақты диалог орнату қажеттілігін атап өтті. Азаматтардың барлық сұраныстарына тұрақты кері байланыс режимінде жедел және пәрменді ден қойылуы керек.

«Халық үшін маңызды және қажетті бастамалар айтылды, олар толық көлемде жүзеге асырылуы қажет. Сайлаушылар Президент белгілеген тапсырмалар бойынша нақты нәтижелер күтеді», - деді Мәжіліс депутаты, «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының өкілі Айдос Сарым.

Кездесуге қатысушылар депутаттардың өңірлерге шығу қорытындылары бойынша Парламентте бірлесіп, халықты толғандыратын мәселелерді шешу бойынша нақты шараларды талқылап, оларды іске асыру туралы шешімдер қабылдады.
 

Серіктес жаңалықтары