Қылмыстық процестерде азаматтардың құқығының бұзылуы алты есе өсті

Прокурорлардың қатысуымен уақытша қамау изоляторынан 96 адам шығарылды

Қылмыстық процестерде азаматтардың құқығының бұзылуы алты есе өсті
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда соңғы жылда қылмыс саны екі жарым есеге төмендеген. Бірақ қылмыстық процестер кезінде азаматтардың құқығының бұзылуы 6 есе өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Мәжілісте қылмыстық қудалау және жазаны орындау саласындағы адам құқықтары туралы дөңгелек үстел отырысы кезінде Бас Прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев мәлімдеді.

«Созбалаңға салу, өкілеттіктерді теріс пайдалану сынды арыз-шағым толассыз келеді. Жасыратыны жоқ, прокурорлар іске соттың нұсқаулығынан кейін кіріседі. Басқаша айтқанда, прокурор сот ісіне формалды түрде қатысты деп айтуға болады», - дейді Ерлік Кененбаев.

Оның айтуынша, азаматтардың құқығының дұрыс қорғалмауы істі қараудың алғашқы кезеңінде байқалады. Айыпталушылар өз құқықтарын жіті білмейді және адвокаттың көмегіне жүгінбейді.

«Полиция қызметкерлері бұл жағдайды өз мүддесіне пайдаланады. Бұған нақты тәртіптің, жүйенің болмауы себеп. Бұған қаңтардағы жағдай дәлел бола алады. Осы оқиғаға қатысты құқық қорғау органдарына тергеу кезінде азаматтардың құқығының дұрыс қорғалмауына себепті 255 арыз түсті. Мысалы, 12 қаңтар күні жазықсыз қамалған Алматы қалалық  Прокуротурасынан 24 азамат шығарылды. Прокурорлардың қатысуымен уақытша қамау изоляторынан 96 адам шығарылды. Бұған қоса, ұсталған адамдарға қатысты кісі өлтіру фактісі және билікті асыра пайдалану ісі бойынша 133 іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеуде отырғандардың ішінде 27 адамға медициналық көмек көрсетілді», - дейді   Бас Прокурордың орынбасары.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.