Атырау облысында былтыр қоршаған ортаға 1 млрд 15 млн теңгенің залалы келген

Azattyq Rýhy

Экология заңнамасының талаптарын бұзған 177 дерек анықталды

Фото ашық дереккөзден

Атырау облысында былтыр қоршаған ортаға 1 млрд 15 млн теңгенің залалы келген. Бұл туралы облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент басшысының мәліметінше, атмосфералық ауаны ластаушылар қатарында мұнай өңдеу зауыты мен мұнай өндіруші кәсіпорындар бар. Сондай-ақ, «Тухлая балка», «Квадрат» булану алаңдары мен қатты тұрмыстық қалдықтар алаңы қоршаған ортаны ластаушылар қатарына кірген.

 «Былтыр жоспардан тыс 52 тексеру жүргізілді. Экология заңнамасының талаптарын бұзған 177 дерек анықталды. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың көлемі 1 млрд 15 млн 750 мың теңгені құрады. Сот шешімімен «SAT Trans Service» ЖШС-нің қалдықтарды басқару кешенінің жұмысы тоқтатылды. «Bazis Constructtion» ЖШС-нің суды уақытша деминерализациялау қондырғысын, «KSS» ЖШС-не қондырғыларды пайдалануға тыйым салынды. Сот шешімдері заңды күшіне енді», -деп мәлім етті Әлібек Бекмұхаметов.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.