06.02.2022, 15:18
Жаңалықтар
Павлодарда көлік ағашқа соғылып, екі адам қайтыс болды
Жол апаты бойынша тексеріс жүріп жатыр
Фото ашық дереккөзден
Павлодарда көлік ағашқа соғылып, екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, жол апаты 5 ақпанда сағат 22.30-да Аймауытов көшесінде болған.
"Toyota маркалы көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай ағашқа соғылды. Салдарынан 25 жастағы жүргізуші мен 35 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.
1985 жылы туған тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
"Жол апаты бойынша тексеріс жүріп жатыр. Қажет сараптама тағайындалды", - деді ПД өкілдері.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді