05.02.2022, 10:31
Жаңалықтар
20 жастағы ақтөбелік сатушыларды жалған түбіртекпен алдаған
Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Фото ашық дереккөзден
Ақтөбелік сатушыларды жалған түбіртекпен алдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
20 жастағы ақтөбелік тұрғын азық-түлік дүкендерінің бірінде жалған түбіртек көрсетіп, бірнеше рет кассадағы сатушыны алдаған. Алаяқ смартфондағы қосымшаның көмегімен төлем чегін қолдан жасаған: алушының аты мен төлем сомасын жазып, жалған түбіртек көрсеткен. Сатушы ақшаның түсімі туралы хабарлама кейінірек келеді деп ойлаған. Бірақ ешқандай ақша түспеген. Шығын сомасы 107 100 теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері алаяқты ұстады, ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
25.02.2026, 13:15
«Қазақ жігіттері ауыр қабылдайды»: уролог ерлердің ұрығынан сапа кетіп, саны азайғанын айтты
25.02.2026, 10:27
Мектептен кейін балалардың өмірі үшін мұғалім жауапты болмайды: Қазақстанда жаңа заң қабылданады
25.02.2026, 14:55
Қызылша жұқтырған әрбір адам орта есеппен 12-18 адамға ауру таратады – Астана дәрігерлері дабыл қақты
Бүгін, 10:51
Алматы облысында «сүйген» қызына банк арқылы аз ақша салып, астына хат жазған жігіт сотталды