$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасы: уақытша ұстау изоляторынан 103 азамат босатылды

Қамаудан босатылғандардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды

Қаңтар оқиғасы: уақытша ұстау изоляторынан 103 азамат босатылды
Фото: instagram.com/advokat_oleg_chernov

ҚР Бас прокуратурасы қадағалау тәртібінде уақытша ұстау изоляторларынан 103 азаматтың босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов күдіктілерді қамауға алу мәселесін қарастыру кезінде олардың әр қайсысының іс әрекеті, жеке басы, кінәсін мойындауы және тергеуге көмек көрсетуі ескерілетінін айтты.

«Мысалы, прокурорлар күдіктіні қамауға алу туралы 11 ұсынысты қолдамады. Уақытша ұстау изоляторынан 103 адам босатылды. Соттар да 80 күдіктіні қамауға алудан бас тартты. Сонымен қатар, бұрын қамауға алынғандардың бұлтартпау шараларын жеңілдетудеміз. Мысалы, прокурорлар Алматы қаласында 59, Қызылорда облысында 3 және Шығыс Қазақстанда 1 адамды қамаудан босатты, олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Сол сияқты қызылордалық прокурорлардың талабы бойынша сот санкциясымен 3 адам үйқамаққа жіберілді»,- деді Қилымжанов.

Серіктес жаңалықтары