$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасы бойынша 2 750 қылмыстық іс тергеліп жатыр – Бас прокуратура

Қаңтар оқиғасы бойынша 2 750 қылмыстық іс тергеліп жатыр – Бас прокуратура

4 ақпандағы жағдай бойынша тергеу-жедел топтарының өндірісінде 2750 қылмыстық іс тергелуде. 802 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бас прокуратура қаңтар оқиғасында болған қылмыстардың тергелуін, азаматтардың конституциялық құқықтарын, заңдылықтың сақталуын қадағалауды жалғастырып келеді. Бүгінгі күні 2 750 қылмыстық іс тергелуде. 802 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ал 91 тұлғаға бұлтартпау шарасы қолданылды. Қамауға алынғандардың 113-і - сотты болған, кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық үшін және радикалды діни ағымдардың жақтаушылар», - деп атап өтті спикер.

Елдос Қилымжанов күдіктілерді қамауға алу мәселесін қарастыру кезінде олардың әрқайсысының іс-әрекеті, жеке басы, кінәсін мойындау және тергеуге көмек көрсетуі ескерілетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары