$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Орталық пен еліміздің шығысында ауа температурасының көтерілуі күтілуде

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа райы күтіледі — жауын-шашын, солтүстік, орталық өңірлерде қар түрінде көктайғақ, тұман, екпінді жел мен төмен бұрқасын болжанады.

Ауа температурасы төмендейді: батыста түнде 8 аяз—2 жылудан 0-15 аязға дейін, күндіз 5 аяз—3 жылудан 10 аяз—3 жылуға дейін, елдің солтүстік-батысында түнде 3-16-дан 7-18 аязға дейін, күндіз 0-10-нан 2-13 аязға дейін. Ал Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының негізгі бағыты — түнде 7-20 аяз, күндіз 2-10 аяз болады», - делінген хабарламада.

«Қазгидромет» РМК орталық пен шығыста ауа райы қандай болатынын жариялады.

«Орталық пен еліміздің шығысында болса, ауа температурасының көтерілуі күтілуде: түнде 10-30-дан 5-28-ге дейін аяз, күндіз 0-13-тен 8-ге дейін аяз, ал республиканың оңтүстік-шығысында түнде 3-11-ден 6-ға дейін аяз, күндіз 0-10-нан температураның ауытқуы, таулы аудандарда 3-8 аяз, 3-12-ге дейін жылу, таулы аудандарда 1-6 аяз. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасының ауытқуы болжанады: түнде 3-11 аяздан 5 аяз—5 жылу, күндіз 1 аяз—13 жылудан 3 аяз—5 жылуға дейін», - деп хабарлайды «Қазгидромет».

Серіктес жаңалықтары