Ұлттық Банкке жаңа басшы келді

Azattyq Rýhy

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лауазымға Ғалымжан Пирматовты ұсынды

Ұлттық Банкке жаңа басшы келді
Фото ашық дереккөзден

Сенаторлар Ғалымжан Пирматовтың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенаторлар алдында Ұлттық Банк төрағасының лауазымына Ғалымжан Пирматов ұсынылды. Оны таныстырған Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов денсаулығына байланысты Пирматовтың өзі отырысқа келе алмағынын айтты.

«Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын», - делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан Республикасының

Президенті    Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 3 ақпан

№ 803

Айта кетейік, Ғалымжан Пирматов 1972 жылы дүниеге келген. Ресей және Қазақстанның жоғарғы оқу орнындарында білім алған. Мамандығы - математик. 

Әр жылдары түрлі қаржы ұйымдарында қаржы директоры қызметін атқарған. Соның ішінде, “ҚазАтомӨнеркәсіп” АҚ-ның қаржы жөніндегі вице-президенті, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болған. Осы лауазымына дейін “ҚазАтомӨнеркәсіп” компаниясының басқарма төрағасы болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.