$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында онкологиямен ауыратындар саны күрт көбейіп кетті

Бірінші орында сүт безі обыры тұр

Алматы облысында онкологиямен ауыратындар саны күрт көбейіп кетті
Фото ашық дереккөзден

Былтыр қатерлі ісікке шалдыққан үш мыңға жуық адам анықталған. Науқастардың көбісі – әйел адамдар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Облыста 15 672 онкологиялық науқас динамикалық бақылауға алынған. Былтыр 2867 тұрғын диспансерлік есепке алынған. Олардың 1146-сы ер адам болса, 1721-сі – әйел адам.  2020 жылмен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 22,7%-ға өскен.

«Өкінішке қарай, 2021 жылы 1206 науқас қайтыс болды: оның ішінде 643-і – ер адам және 563-і – әйел адам. Алайда, бұл 2020 жылға қарағанда 6,5%  аз», - деді облыстық көпсалалы клиниканың медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Гүлайым Оразбекова.

Бірінші орында сүт безі обыры тұр. Бұл жалпы аурулардың 12,7%-ын құрайды. Одан кейін асқазанның қатерлі ісігіне шалдыққан адамдар да көбейген. Асқазан обыры 8,6%-ды, өкпе обыры 7,8%-ды құрайды. Алматы облысында 1-10 ақпан аралығында қатерлі ісік ауруын диагностикалау бойынша онкүндік өтіп жатыр. Тұрғындар осы он күннің ішінде тегін скринингтен өтіп, мамандардан кеңес ала алады.

Серіктес жаңалықтары