03.02.2022, 01:21
Жаңалықтар
Бейжің-2022: Керлингтен іріктеу кезеңдері басталып кетті
Финал және қола медаль үшін кездесу 8 ақпанға жоспарланға
Фото: epa.eu
Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы бәсекесі басталды, деп жазады Olympic.kz.
2 ақпан күні керлингтен дабл-микст бойынша топтық кездесулер өтті.
Бірінші жарыс күнінде Ұлыбритания мен Швеция, Австралия мен АҚШ, Норвегия мен Чехия, Қытай мен Швейцария арасында матчтар ұйымдастырылды.
Керлингтен дабл-микст бойынша он құрама команда жүлдеге таласады. Бірінші айналымнан соң төрт үздік команда жартылай финалға жолдама алады.
Финал және қола медаль үшін кездесу 8 ақпанға жоспарланған.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
